Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың 2001-2005 жылдарға
арналған бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 11 маусымдағы N 797 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2001 ж. 13.06.01 ж. N 518; 20.12.02 ж. N 1336;
04.03.04 ж. N 272 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 28 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мұрағат iсi саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 03.04.04 ж. N 272 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Қазақстан Республикасының Yкiметiне жыл сайын Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есеп тапсырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 11 маусымдағы
N 797 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың
2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Паспорт2. Кiрiспе3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi6. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары1. Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың
2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 05.13.02 ж. N 518; 20.12.02 ж. N 1336 (бұр. ред. қара); 04.03.04 ж. N 272 қаулыларымен 1-бөлім өзгертілді
Бағдарламаның Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудыңатауы 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасыБағдарламаны "Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың